Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » «Әдістемелер әлемі» атты бес бекеттен тұратын шебер-сынып өткізілді.
07
октябрь
2025

«Әдістемелер әлемі» атты бес бекеттен тұратын шебер-сынып өткізілді.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.
Онкүндіктің жоспарына  сәйкес 2025 жылдың 29 қыркүйегінде мектеп кітапханасында жас мамандарға  «Әдістемелер әлемі»  атты бес бекеттен тұратын шебер-сынып өткізілді. 
Іс -шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Керімбаева Айгүл Әбдуәлиқызы мен Сұлтанбекова Нұржамила Мұсақызы ұйымдастырды.  
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыруды, кәсіби құлшынысын арттыруды, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеруді  мақсат ете отырып, тәжірибелі педагогтар  оқытудағы озық әдіс -тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. 
Кітапхананың кіреберісіне  «Әдістемелер әлеміне қош келдіңіздер!» «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» деген сөздер жазылып, кітапхана іші тақырыпқа сай безендірілді. Жас педагогтарға қолдау көрсету, жаңа ортаға бейімдеу мақсатында «Көтеріңкі көңіл-күй - жанға қуат» деп аталатын 1 – бекетте смайликтер арқылы көңіл- күйді көтеріп,кеңістіктен келген хаттар, конвертке салынған тілектер оқылды. Бұл бекеттен шыққан соң қатысушылар от, күн, ай,су суреттерін таңдау  арқылы топқа бөлініп,әр топтың ерекшелігі анықталды. «Жан жылуы»деп аталатын 2– бекетте шебер-сыныпқа қатысушы жас педагогтармен  психологиялық тренинг ұйымдастырылып, «Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы мен  «Әрекетіңді белгіле!» тренингі жүргізілді.Қонағына қашанда адал асын ұсынған бабалар дәстүрі де ұмыт қалған жоқ, «Көңілім жай» бекетінде қатысушыларға тәттілер мен ыстық кофе ұсынылды.Іс-шараның ең маңызды тұсы «Жүректен ақылға. Үздіктен үйрен. Шебермен шыңдал» деген атаумен 4 – бекетте көрсетілді .   
Бұл бекетте қазіргі сабақты жоспарлаудағы SMART жоспар жасаудың ерекшеліктері  туралы  зерттеуші- педагог Сұлтанбекова Нұржамила Мұсақызы  және оқыту үдерісінде саралау тәсілдерін қолдану тиімділігі туралы   шебер-педагог Керімбаева Айгүл Әбдуәлиқызы  тәжірибе алмасты. Сабақ жоспарлаудағы  оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару, оны SMART- қа айналдыру жолдары кеңінен түсіндірілді.Тек теориялық емес, практикалық жағына да баса назар аудара отырып,жас мамандарды оқушы роліне енгізіп,саралау тапсырмаларын сабақта қалай қолдану керектігін,тиімділігін дәлелдеп  көрсетті. Бүгінгі шараның «Қалдырған ізің мәңгілік» деп аталатын 5 – бекеті жүрек толқытар сәттерге  толы болды, әрбір қатысушы өзінің мұғалім болуына, кәсіби дамуына ықпал еткен ұстазына алғыс хатын жазды. Бұл Шымкент қаласының Әдістемелік Орталығының   29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтіп жатқан « Ұстазға алғыс! »  атты апталығына да үн қосу болатын. 
Ұжым басшысы Алмас Серікұлы  сөз алып,шеберлік сағатын қорытындылап, мектепті ұзақ жылдар бойы басқарып,мектептің іс-тәжірибесін  республикаға таратып, білім саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырған «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» , «ҚР. білім беру ісінің құрметті қызметкері» Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызының «Көшбасшылық негізі – кәсіби даму»  атты кітабын жас мамандарға «нағыз педагогтың ұстаздық жолы баршаңызға жұғысты болсын» деген ақ ниетпен, сыйлық ретінде ұсынды. 
«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бүгінгі шараға кері байланыс жасалды.
Теги:
1111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив