07
октябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керімбаева Айгүл 10«А» сыныбында «Тіл құндылық»тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабаққа мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу; мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу мақсаты қойылды.
«Қызығушылықты ояту» сатысында «Ойтүрткі» әдісін қолданып,«Ұлт Ұстазы» фильмінен үзінді көрсетті, балалар көтерілген мәселеге баға бере отырып, тілдің ең басты құндылықтың бірі екенін дәлелдей білді.
«Мағынаны тану» кезеңінде балалар мәтін бойынша жұмыс жасады,алдымен мәтінді зерттеп оқу стратегиясы арқылы оқып, көтерілген мәселені анықтау үшін бір-біріне сұрақтар қойып, мәтіндегі негізгі ойды «Төрт сөйлем» әдісімен жазды.
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында «Туған өлке» атты интеллектуалдық тілтанымдық сайысы өтті.
Бұл сайыстың мақсаты - оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, ұлттың рухани-танымдық қасиетін, туған жердің тарихы мен тарихи шежірелер мәдениетін, киелі асыл мұралар қазынасын жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Сайыс «Өткел», «Белес», «Бекет», «Асу», «Жерұйық» атты кезеңдерден тұрды, мұнда 8-10-сынып оқушылары ежелгі қалалар мен шешендік сөздер туралы білім, біліктерін көрсетіп, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы пәндерінен арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Аманбекқызы Ж., Жанзакова М.А., Акимбек Л.Ж. жетекшілігімен өткізілген бұл шараның оқушылар үшін танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні ерекше болды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Айтпек Нурсая "Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы. Сөз екпіні. Ой екпіні.” тақырыбында 6 «И» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты- ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану, екпіннің түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану болды.
Сабақ барысында «Кім жылдам?» , «Бағдаршам» әдістері, Worldwall, learningapps.org
платформалары тиімді қолданылды.
Жасанды интеллект арқылы оқушылар жұптық тапсырмаларды орындады.
Теги:
1111

