24
сентябрь
2025
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.
8 “А” сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Өскенбай Тоғжан Сәкенқызы «Күрделі-құрама атаулардың тақырыптық топтары» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – күрделі-құрама атаулардың жасалу жолдары мен мағыналық топтарын меңгерту, оқылым мен тыңдалым материалдары негізінде аннотация жазуға үйрету болды.
Оқушылар «Кім тапқыр» интеллектуалды ойынында білімдерін көрсетті. Жұптық жұмыс тапсырмаларын орындап, аннотация жазды. Бейнесабақ пен аудиомәтіндер арқылы оқушылар білімдерін тереңдетті. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақтағы әр оқушы белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Жас маманымыз Тоғжан Сәкенқызына алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.
10 «И» сыныбында педагог-зерттеуші Айгүл Ешманова ««Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
Сабақ жоспар бойынша жүргізілді. Сабақтың басында оқушылармен психологиялық дайындық жүргізіліп, өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қайталау жұмысы ұйымдастырылды. Жаңа тақырып түсіндіру барысында презентация мен көрнекі құралдар пайдаланылды. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап берді.
Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу дағдылары дамытылды. Жеке тапсырмалар кезінде саралау әдістері қолданылып, әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар берілді. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар тақырыпты жақсы меңгеріп, бағалау кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетті. Кері байланыс арқылы оқушылар сабақтың ұнаған тұстарын айтып, ұсыныстарын білдірді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Акимбек Лаура "Қобыланды батыр. Алғашқы сын" тақырыбында 5 «Д» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында "Worldwall, learningapps.org
платформасын, «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдістері ұтымды қолданылды. Оқушылар сабақ барысында кейіпкерлерді салыстырып, жасанды интеллект негізінде жасалынған видео үзінді көріп әсерлерімен бөлісті.
Сабақ соңында оқушылардан “Тапқырдың күнделігі” арқылы бағаланып, «Livecloud.online» платформасы арқылы кері байланыс алынды



