Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.
07
октябрь
2025

«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі жалғасуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде ұйымдастырылып жатқан ашық сабақтар мен іс-шаралар бір-біріне ұқсамайтын, ерекше форматта өтіп жатыр. ""Қобыланды батыр" жырының көркемдік ерекшелігі" тақырыбында 5 "Е" сыныбымен Алия Омарова, "Жыраулар поэзиясы. Ақтамберді жырау" тақырыбында 8 "Ә" сыныбымен Мереке Жанзакова ашық сабақ өтті.  
Сабақ барысында оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыратын, ұлттық құндылықтарды тануға бағытталған түрлі тиімді әдіс-тәсілдер: «Ой шақыру», «Салыстыру кестесі», «Құндылықтарды топтау», «Бағалау матрицасы» қолданылды. 
Ақтамберді жыраудың терең мағыналы толғаулары арқылы оқушылар рухани және материалдық құндылықтарды ажыратып, оларды қазіргі заман тұрғысынан салыстырып, пайымдауға машықтанды. Ақтамберді жырау толғауларынан алынған үзінділер негізінде оқушылар құндылықтарды талдап, қазіргі өмірмен байланыстыра білді.
Сабақ барысы жоғары дайындықпен, шығармашылық ізденіспен өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білді. Жұптық жұмыстар, талдаулар, салыстыру тапсырмалары сәтті орындалды. Сабақ мақсатына толықтай қол жеткізілді. Сабақ соңында кері байланыс «Блоб ағашы» әдісімен жүргізіліп, оқушылардан жағымды пікірлер алынды.
Педагог-зерттеуші мұғаліміміз Омарова Алия Өтемісқызының 5 «Е» сыныбында ««Қобыланды батыр» жырының көркемдік ерекшелігі» тақырыбында өткен  ашық сабағы оқушылардың қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды. 
Сабақ басында оқушылармен жылы амандасып, ынтымақтастық орнатылды. Сабақтың мақсаты айқындалып, білім алушылар алдағы жұмыс барысымен танысты. Алдымен өткенді пысықтау мақсатында «Шындық па, жалған ба?» әдісі қолданылып, оқушылар Қобыланды батыр жырына қатысты сұрақтарға жауап берді. 
Бұл кезеңде балалар жыр мазмұнын қайталап, кейіпкерлерді ажыратып, өз білімін дәлелдеуге мүмкіндік алды. Белсенділікпен қатысып, дұрыс жауап бергендерге әділ бағалау жүргізілді. 
Одан әрі «Ойтаным» әдісі арқылы танымдық сұрақтар қойылып, Ыбырай Алтынсарин еңбегі туралы пікір алмасты. Заманауи тәсіл ретінде жасанды интеллект көмегімен сұрақ қойылып, сабақтың тартымдылығы арта түсті. Мұғалім жырдан үзінді оқып, Қобыланды батырдың ерлік бейнесін талдауға жетеледі. Кейіпкер, образ, бейне, портрет ұғымдарына теориялық түсінік беріліп, оқушылар дәптерлеріне жазып алды.
Келесі кезеңде «Ең жақынын тап» әдісі қолданылып, оқушылар жырдағы кейіпкерлерді талдап, Қобыландыға жақын тұлғаларды іріктеді. Екі кейіпкердің портретін жасап, олардың іс-әрекетін сараптап, өзіндік қорытынды ойларын білдірді. Бұл тапсырма балалардың ойлау дағдысын дамытып қана қоймай, ел тарихына құрметпен қарауға баулыды.
Сабақтың соңында «Wordwall» платформасы арқылы викторина ойыны ұйымдастырылып, оқушылардың жылдамдығы мен зейіні тексерілді. Барлығы қызыға қатысып, ауызша мадақтау сөздерімен бағаланды. «Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс алынып, балалар сабақтан алған әсерін бөлісті.
Үй тапсырмасы ретінде «Қазіргі заман батыры қандай болу керек?» тақырыбында шағын эссе жазу берілді.
Теги:
1111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив