07
октябрь
2025
Ұжымды психологиялық қолдау
Бірге жұмыс істеу – келісімді әрекетті, жауапкершілікті және бір-біріне қолдау көрсетуді талап етеді.
Кез-келген механизмнің жұмысының сәттілігі оның элементтерінің өзара үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты екені белгілі. Осы ереже ұжымның жұмысына да қатысты.
Ұжымды психологиялық қолдау – қызметкерлердің жеке қасиеттерін ашуға, жылы әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның кәсіподақ ұйымы мен педагог-психологтары ұжымда қолайлы атмосфералық ахуалды қалыптастыру, әлеуметтік әріптестікті тиімді ұйымдастыру мақсатында таңертеңгілік сергіту сәтін өткізді.
Сергіту сәтіндегі әрбір жаттығу арқылы қатысушылар балалық шақтағы жағымды сезімдерді қайта жаңғыртып, көтеріңкі көңіл-күймен күнді бастауға мүмкіндік алды.
Шара соңында ұстаздар күзгі жемістермен марапатталды.


Теги:
1111