29
октябрь
2025
“ДосболLIKE” жобасы аясында бүгін мектебімізде “STOP Буллинг” акциясы өтті.
“ДосболLIKE” жобасы аясында бүгін мектебімізде “STOP Буллинг” акциясы өтті.
Іс-шараға мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Акцияның мақсаты - жастар арасындағы әлімжеттік көрсету, қысым жасау, кемсіту сияқты оқушылардың арасында көптеп орын алатын келеңсіздіктердің алдын алу, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиынға Шымкент қаласы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ әдістемелік бөлім әдіскері Имашева Гүлнар Тұтқабаевна, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Қоңрат Үміт Қайсарқызы және мектебіміздің учаскелік инспекторы, полиция майоры Жұмағұл Меруерт Сағыналықызы қатысты.
Жиын барысында оқушыларға педагогикалық-психологиялық нұсқаулықтар, ақыл-кеңестер беріліп, психологиялық тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында буллинг, кибербуллинг мәселелерінің заң алдындағы жауапкершілігі таныстырылды.





Теги:
1111