07
октябрь
2025
«Адал еңбек – адам көркі» атты кездесу кеші өткізілді.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әдістемелік кітапханасының ұйымдастыруымен еңбек күніне орай 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Адал еңбек – адам көркі» атты кездесу кеші өткізілді. Бұл шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбекқызы Жансая және 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Кондыбаева жанат Омарханқызымен бірге қатынасты.
Еңбек күні – Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін мереке. Ол 2013 жылы Президент Жарлығымен бекітіліп, еңбек мамандығын құрметтеу мен жұмысшылардың үлесін насихаттау мақсатында белгіленген. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің болашағы үшін қызмет етіп жүрген кәсіби мамандарды ұлықтауға арналған.
Қарапайым еңбек адамының қоғамдағы абырой-беделі мен әлеуетін көтеруге бағытталған бұл шара оқырмандарға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіріп, адал еңбек пен оның маңызын ұғындырды. Адал еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатындағы іс-шараның оқушыларымызға берері мол болды.
Кеш барысында мұғалім, дәрігер, сәулетші және мұражай қызметкері өз мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оқушыларға пайдалы да танымдық кәсіби-бағдар бере білді. Іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсенді қатынасып, спикерлерден өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға да тұшымды жауап алды.


Теги:
1111