Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » Ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға арналған семинар өтті.
24
сентябрь
2025

Ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға арналған семинар өтті.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда оқушылардың ғылыми қоғамдастығының жұмыс жоспарына аясында, білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға арналған семинар өтті.
Семинарға М.Әуезов атындағы Оңтүсік Қазақстан Университетінің биология және география кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжебай Рабиға Нөкербекқызы арнайы шақырылды. 
Рабиға Нөкербекқызы ғылыми жобаларды жазудың негізгі талаптары, зерттеу жұмысының құрылымы және тақырып таңдаудағы ерекшеліктер жөнінде құнды кеңестер берді.
Қатысушылар сұрақтарға нақты жауаптар алды, сонымен бірге жобаларды жетілдіру жолдары бойынша практикалық ұсыныстар жасалды.
Мұндай семинарлар оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив