24
сентябрь
2025
«Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» атты эссе байқауы
Қалалық деңгейде өткен «Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» атты эссе байқауында мектебіміздің 10-сынып оқушылары Абдуллаұлы Тәңірберген мен Әбдіғани Дарын озық ойы мен терең талғамын танытып, өзгелерден дараланып, І орынға ие болды.
Бұл жеңіс – жас қаламгерлеріміздің білім мен өнерге деген ынтасының, ана тіліне деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Тіліміздің қадір-қасиетін жүрекке түйіп, оны асқақтата білген шәкірттеріміздің табыстары ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Оқушыларымызға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшілері – Аманбекқызы Жансая мен Тленшиева Мақпалға алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өткізілген «Тілдер тоғысқан мереке» қалалық фестивалінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сералиева Гулнагира Уайдилдақызы Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» Мадақтамасымен марапатталды.
Мектебіміздің мақтанышына айналған шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға шығармашылық жолда сарқылмас шабыт, толағай табыс, биік белестер тілейміз!
Теги:
1111