Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп - гимназияда «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
03
сентябрь
2025

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп - гимназияда «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті.

2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп - гимназияда «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. 
Мерекелік іс-шараға қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
2025–2026 оқу жылында мектебімізге 3387 оқушы білім алады. Олардың қатарында шамамен 315 білім алушы бірінші сынып оқушысы және 228 11-сынып түлектері бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігінің қолдауымен  мектептерді жаңғырту және жаңа мектептер салу бойынша қабылданған көпжоспарлы және ауқымды шаралар аясында мектебіміз  екі ауысымда оқиды. 
Мектебімізде заманауи оқыту тәсілдері мен жабдықтар оқушылардың сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, ғылыми пәндерге қызығушылығын, сондай-ақ шығармашылық және креативті қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Білім тек теориямен шектелмей, практикалық сабақтар арқылы меңгеріледі. Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының жеке қабілетін ашуға жағдай жасайды. Мектепте барлық педагогтер 90%  жасанды интеллект бойынша сертификатталған.
2 қыркүйектен бастап тәрбиелік жұмыс «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама — бұрынғы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жалғасы, мазмұны жаңартылып, атауы Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасын қамтиды. 
«Заң мен тәртіп» қағидатын тәрбие жұмысымен кіріктіре отырып, «ӨМІРЛІК БАҒДАР» және «ТӘРТІП ТІРЕГІ» жобаларына қатысудамыз. 
2 қыркүйек күні бірінші сабақ «МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында тәрбие сағатынан басталды.
Биылғы оқу жылында әр дүйсенбінің алғашқы сынып сағатының 10 минуты жеке қауіпсіздік сабағына, әр сәрсенбі күні бірінші сабақтың алғашқы 3 минуты дене жаттығуларымен басталу ерекшеліктері бар.
Сонымен қатар, мектепте  оқушыларды мамандыққа ерте бейімдеу, кәсіпке бағдарлау мақсатында бастауыш сыныптардан бастап түрлі маман иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылады. 
7-сыныптан басталатын «БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР» бейіндік бағытты тереңдету, тәлімгерлік жүйесі  оқушыларға болашақ білім бағытын кәсібін саналы түрде таңдауға көмектеседі.
Білім беру стандартының орындалуы мен сапа нәтижесін жоғарылату мақсатында 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін болғандықтан «ТАЛАП» жобасына қатыса отырып, тәжірибе алмасудамыз. 
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары  2022 жылдан бастап ыстық тамақпен толық қамтылған.  
Биыл «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектептегі 447 балаға көмек көрсетілді.
Теги:
1111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив